16 мамыр күні мектепте жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста оқу және сыныптан тыс уақыттардағы балалардың қауіпсіздігі, оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру, сондай-ақ келесі оқу жылына арналған мектеп формасына қойылатын талаптар сияқты маңызды мәселелер талқыланды. Ата-аналарға мінез-құлық және қауіпсіздік ережелері ескертіліп, балалардың жазғы лагерьлер мен мектепішілік іс-шараларға қатысу мүмкіндіктері сөз болды, оқушылардың сыртқы келбетіне қойылатын талаптар нақтыланды.